МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ШОЙТӨБЕ-ІІ ҚОНЫСЫ, ХІІ – ХІV ғғ.

Gray background

Түркістан қаласының оңтүстігінде  7 шақырым жерде, Шауғар-Шойтөбе қаласының шахарістанынан шығысқа қарай 350м жерде орналасқан. Координаттары: 43˚14.477΄, 068˚18.511΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 219м. Төбе шығыстан батысқа қарай 780м, солтүстіктен-оңтүстікке қарай 320м созылып жатыр. Табиғи күштердің әсерінен пайда болған алып төбені жергілікті халық «Ақтөбе» деп атайды. Төбенің ең биік жері шығыс бөлігі, мұнда көлемі 110х90 метрлік төбешік орналасқан, оның айналадағы жазықтан биіктігі 10-11м. Ал ең төмен тұсы —  батыс жартысы-мұндағы орташа биіктік -2,5-4 метр шамасында. 1999 жылы Түркістан археологиялық экспедициясы (М.Қ.Тұяқбаев) зерттеу жүргізіп екі барлау қазбасын салады.  Қоныс бір ғана құрылыс қабатынан тұратындығы анықталды. Мәдени қабатының қалыңдығы 0,5-тен 1м дейін барады. Қоныстың екі жеріне қазба түсірілді, біріншісі-төбенің ең биік жеріне, екіншісі-төбенің СБ бұрышына, екі қазба да екі ярустан соң (1м) таза материкке жетті. Тұрғын үйлердің қабырғалары, едендері сыбақтары мен ошақтар күлдерімен шықты. Ыдыс-аяқ бөлшектері негізінен ХІІІғ. мен XIVғ. жатады. Қонысты тұрғындар  XIVғ. аяғында мүлдем тастап Ясы-Түркістанға көшіп кеткен деген тұжырым жасауға болады.

Әдебиеттер:

  1. Туякбаев М. Шойтобе-ІІ. // Историческая топография и развитие городов и помелений Туркестанского оазиса (ХІІІ-ХІХвв.). А., 2009. –С. 131-132; 205.
  2. Шойтөбе – ІІ қонысы // Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер. А., 2016. 72 б. №59.
  3. Смагулов Е., Туякбаев М., Бурнашева Р. Отчет Туркестанской археологической экспедиции по итогам работ 1999г. Алматы, Туркестан 2000г. Архив музея-заповедника «Азрет Султан».
Алдыңғы ақпарат

ШОЙТӨБЕ-І ҚОНЫСЫ, ІХ-Х ғғ. – ХІV-ХV ғғ.

Келесі ақпарат

САУРАН ҚАЛАШЫҒЫ, ХІІІ – ХVІІІ ғғ.