Gray background
Түркістан қаласынан солт.батыста 50 шақырым жерде, Сатымсай разъезі маңында Жібек жолы ауылдық округы аумағында, көне археологиялық Сауран қаласының күншығыс жағында орналасқан. Координаттары: 43˚31.021΄, 067˚46.548΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 209м. Қабір үсті кесенесі құлап үйіндіге айналған, бейіттің астында жер асты сағанасы болғандығы жайлы мәліметтер бар.
Аңыздарда Сарай атаның ірі дін өкілі болғандығы, ерекше дарынды, ақындықты меңгерген, уағыздарына көпті ұйыта білетін кісі болғандығы баяндалады. Қожа Ахмет Ясауидің ілімін жалғастырушы, сопылық жолды ұстанған, Алланы зікір еткен, тақуа болған. Түркістан өңірінде Сарай ата секілді ірі дін өкілдері көптеп кездеседі, дегенмен әр бірінің өзіне тән кереметтері мен қасиеттері бар. Жалпы жер көлемі 0,5 га. Сарай ата да ел аузыңдағы «Сауранның тоғыз бабының» бірі болып табылады.
Әдебиеттер:
- Эпиграфические находки // Ербулат Смагулов. Древний Сауран. А., -С. 308-318.
- Сарай ата мазары // Түркістан өңіріндегі тарихи – мәдени ескерткіштер. А., 2016. 122 б. №92.
- Байпақов К.М., Смағұлов Е.Ә. Ортағасырлық Сауран шахары. А, 2005. 16-19бб.








