«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза қала – ортақ міндет» тақырыбында Түркістан қаласы әкімдігінің бөлімдері арасында сенбілік флешмобы ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Гаухар ана кесенесі аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке қатысушылар кесене маңын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді. Сонымен қатар, тарихи нысанның сыртқы қабырғалары ақталып, жалпы көркі жаңартылды.
Бұл шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, тарихи-мәдени мұраларды қорғауға және көпшілікке үлгі болуға бағытталды. Мұндай игі бастамалар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған өлкені құрметтеуге өз үлесін қосады.
Ж.Коджибаев, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығының қорықшысы











