«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында «Қолөнер – халық мұрасы» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Шараға қатысқан балалар ұлттық қолөнер үлгілерімен танысып, түрлі материалдармен жұмыс істеуді үйренді.
Қазақ қолөнері — ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бай мұра. Оның құрамына киіз басу, кесте тігу, ою-өрнек салу, зергерлік, ағаш және сүйек өңдеу сияқты өнер түрлері кіреді.
Сабақты музейдің экспозиция және көрме бөлімінің әдіскері жүргізіп, киіз, жіп, моншақ, ине-жіппен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндірді. Балалар өз қолдарымен шағын бұйымдар жасап, қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен мәдениеті жайлы тың мағлұмат алды.
А.Қаражігітова, әдіскер.











