Бөлім құрылымы:
1- Бас есепші, 1- жалақы есепшісі ж/д маман, 1- материалды есепші ж/д маман, 1- экономист ж/д маман, 1- инвесторлармен жұмыс жөніндегі ж/д, 3- билет кассирі жұмыс жасайды.
Бөлімнің міндеттері:
- Кәсіпорынның қызметі, оның мүліктік жағдайы, ішкі бухгалтерлік есептілікті пайдаланушыларға – кәсіпорын басшысына, уәкілетті ұйым мен меншік иесіне, сондай – ақ сыртқы-инвесторларға, кредиторларға және басқа да бухгалтерлік есептілікті пайдаланушыларға қажетті толық және шынайы ақпаратты (бухгалтерлік және салықтық есептілікті қоса алғанда) қалыптастыру.
- Есепшілер бөлімі қызметкерлерінің құзыреті шегінде кәсіпорынның шаруашылығы жағдайында жасалатын әрекеттерді есепке алуды ұйымдастыру және ішкі бақылауды жүзеге асыру.
- Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерін болдырмау және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау.
- Қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік, салықтық есебін жүргізу.
- Бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға сәйкес қаржы ресурстарының пайдаланылуын, меншіктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тауарлық-материалдық құндылықтардың нақты болуын есепке алу деректеріне сәйкестігін бақылау.








