МАҢЫЗДЫ :

nothing found

КЛУБТЫҢ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы жанынан құрылған «Ясауитану» клубында 60-қа жуық мектеп оқушылары білім алуда.
Клубтың мақсаты – қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи мұрасын таныту және насихаттау арқылы жастарға рухани тәрбие беру және олардың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру болып табылады.
«Ясауитану» клубы мектептің мұғалімдерімен бірлесіп бір жылға арнап күнтізбелік-тақырыптық жоспарын дайындап, жоспар бойынша айына екі рет дәрістер өткізуде. Дәрістерді музей-қорықтың ғылыми қызметкерлері ұйымдастырады.
Бүгінгі сабақты музей-қорықтың Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімінің инспекторы С.Салходжаев «Өлкенің тарихи ескерткіштері» тақырыбында өткізді. Түстен кейін оқитын оқушылар үшін таңертең, таңертең оқитын оқушылар үшін түстен кейін арнайы кесте дайындалған. Лектор бір күнде оқушыларға екі мәрте сабақ өтеді.
Лектор алдымен өткен сабақты қайталап, одан соң өзінің дайындаған сабағына көшті. Сабақ 45 минутқа жоспарланған. Сабақ соңында оқушыларға тапсырмалар беріліп, өткен сабақта үздік аңыз-әфсана бойынша сурет салған үш оқушыны, атап айтқанда, Даму мектеп-интернатының 6 сынып оқушысы Есенәлімұрат Қарақаттың «Аманат құрмасы» суреті бойынша, М.Пошанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Иманбай Алмастың «Қожа Ахмет Ясауидің алғашқы кереметі» суреті бойынша, М.Пошанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Амантұр Ұлкәусардың «Аманат құрмасы» суреті бойынша Ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы Б.Байболов марапаттады. Үздік оқушыларға музейдің ғылыми жоба бойынша жарық көрген кітаптары табысталды.
«Ясауитану» клубының келесі сабағы үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанында ұйымдастырылады. Дәрісті музей-қорықтың ғылыми қызметкері С.Шәметов «Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне сыйға берілген жәдігерлер» (Лауха, тайқазан) тақырыбында өткізетін болады.
Берік ҚЫСТАУБАЙҰЛЫ
Бөлім басшысы
Алдыңғы ақпарат

«МЕЙІРІМДІЛІК – ІЗГІЛІКТІҢ ЖОЛЫ»

Келесі ақпарат

“Жарқ етіп жанып өткен жарық жұлдыз”