«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей- қорығы жанынан құрылған үйірме орталығында оқушыларға арналған «Жас реставратор» сабағы болып өтті. Сабаққа Қазыбек-Би атындағы 14 жалпы білім беретін мектептің 8-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға алғашқы реставрация жұмысының кіріспесін және жәдігерлерге алғашқы жуып тазалау жұмыстарын музей-қорықтың керамикалық реставраторы Нұржан Тәжібаев таныстырып, алдағы жасалынатын жұмыстарға сәттілік тілеп, құнды жәдігерлерміздің маңыздылығын атап өтті.