МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы 25 қазан – Республика күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Қазыбек би атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында мәдени-көпшілік шара ұйымдастырды. Шара аясында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, патриоттық әндер шырқалды, би биленді.
 Шараға Қазыбек би атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Концерттік шара аяқталған соң, музей-қорық мамандары дайындаған «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында фото, кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Көрме экспозциясына 30-дан астам фотосуреттер мен кітаптар көпшілік назарына ұсынылды. Көрменің экскурсиясын музейдің кіші ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Т.Оразов жүргізді.
 Музейдің кіші ғылыми қызметкері С.Байсеит оқушыларға «Бірлік пен берекенің бастауы» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісте лектор Республика күні бірлік пен достықтың, ұлттық рухымызды асқақтататын ұлттық мереке екендігіне айрықша тоқталды.
Шара соңында «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында өткен мәдени-көпшілік шараға белсене қатысқан Қазыбек би атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен ұстаздарына «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы басшысының алғыс хаттары мен музейдің баспа өнімдері табысталды.
 Қазыбек би атындағы жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ташметова бүгінгі шараны ұйымдастыруға мұрындық болған музей-қорық басшылығына, қызметкерлеріне, мектеп оқушылары мен ұстаздарына мектеп директорының алғысын жеткізіп, барша жұртты ұлттық мерекемен құттықтады. Шараға қатысқан оқушылар мен ұстаздар мерекелік көңіл күймен тарқасты.
Алдыңғы ақпарат

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ