МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» КӨПТОМДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бұдан алдын хабарлағанымыздай, бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында, Республика күні мерекесіне орай, «Қазақстан тарихы» көптомдығын әзірлеу жұмыстарына қатысқан ғалымдар — т.ғ.д., профессор М.Қожа және т.ғ.к., доцент З.Жандарбектің қатысуымен дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті.
 Музей-қорық басшылығы мен ғалым-мамандары, қызметкерлері қатысқан дөңгелек үстел отырысын «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығының директоры М.Садықбеков жүргізіп отырды. Музей-қорық басшысы алдымен бүгінгі дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты мен міндетіне тоқталып өтті.
 Одан соң «Қазақстан тарихы» көптомдығы авторларының бірі т.ғ.д., профессор М.Қожа сөз берді. Тарихшы-ғалым т.ғ.д., профессор М.Қожа ХІІІ-ХVІІІ ғғ. Қазақстандағы қалалар мәдениетіне қатысты бөлімді жазғандығын жеткізді. Кітапта Қазақстан территориясындағы көне қалалар Түркістан, Тараз, Отырар, Сарайшық, Алматы т.б. қалалар жөнінде тың ғылыми мәліметтер қамтылғандығын атап өтті. Айрықша атап өтетін жәй Сарайшық қаласынан табылған құмыралардың бірінде Ж.Баласағұнның сөзі түрік тілінде жазылғандығын айтып, осындай мәліметтер кітапқа енгізілгендігін жеткізді.
 «Қазақстан тарихы» көптомдығы авторларының бірі т.ғ.к. З.Жандарбек Алтын Орда дәуірінің тарихына қатысты зерттеу еңбектерін ұсынғандығын жеткізді. Рухани бағыттағы мәліметтер кітапқа толығымен енгізілсе деген пікірін ортаға салды.
 Археолог-ғалым т.ғ.к. М.Тұяқбаев Түркістан қаласының тарихына қатысты мәліметтерді тізбектей отырып, кесене маңында жерленген тұлғалар бойынша пікірін ортаға салды. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында жазылған мәліметтерді автор қаншама жыл Ресейдің архивтерінен алғандығын атап өтті. Сол деректік мәліметтердің нәтижесінде, Тәуекел ханның Түркістанда жерленгендігін нақтылып алдық, — деп сөзін түйіндеді.
 Дөңгелек үстелге қатысушылардың тарапынан авторларға сұрақтар қойылып, ғалымдар тарапынан сұрақтарға жауаптар берілді.
Берік БАЙБОЛ, бөлім басшысы.
Алдыңғы ақпарат

КӨШПЕЛІ КӨРМЕ САУРАН АУДАНЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

Келесі ақпарат

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ