МАҢЫЗДЫ :

nothing found

АВТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы 2021-2023 жж. аралығында «ХІХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасыр басындағы Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихын кешенді зерттеу», «Қазақстанның рухани жер асты мешіттерінің тарихы және «Қылует» жерасты мешітін музейлендіру» тақырыбында гранттық жобалары аясында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын.
2023 жылдың соңында екі жоба аясында 2 (екі) монография, 1 (бір) оқу құралы, 1 (бір) архивтік құжаттар бойынша кітаптар жарыққа шыққан болатын. Атап айтқанда, Х.Тұрсұн, М.Тұяқбаев, М.Исаев, М.Тастанбеков, Б.Байболов, С.Шәметов «Қазақстандағы рухани жерасты мешіттерінің тарихы мен қызметі» монграфиясы, Динашева Л.С., Сандыбаева А.Д., Тастанбеков М.М., Турсун Х.М., Рахымжан Қ.Ә. «ХІХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасыр басындағы Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихы» монографиясы, Сандыбаева А.Д., Тастанбеков М.М., Динашева Л.С., Рахымжан Қ.Ә. «Түркістан қаласының тарихы» оқу құралы» және Тастанбеков М.М., Турсун Х.М., Сандыбаева А.Д., Динашева Л.С., Рахымжан Қ.Ә., Байболов Б.Қ., Шаметов С.Т. «Түркістан қаласының тарихы: архивтік құжаттар мен материалдарда».
 Халықаралық туризм және меймандостық университетінде музей-қорықтың ғылыми жоба аясында жарыққа шыққан кітаптарының таныстырылымы мен авторлармен кездесу өтті. Кітап авторлары т.ғ.к., профессор Л.Динашева «Түркістан қаласының тарихы» оқу құралы», т.ғ.к., профессор М.Тастанбеков «Түркістан қаласының тарихы: архивтік құжаттар мен материалдарда», т.ғ.к., доцент А.Саныдбаева «ХІХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасыр басындағы Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихы» монографиясы, Б.Байболов, С.Шәметов «Қазақстандағы рухани жерасты мешіттерінің тарихы мен қызметі» монграфиясы бойынша зерттеу жұмыстарын баяндады.
 Кездесу соңында ғылыми жоба аясында жарыққа шыққан кітаптардың авторлары Халықаралық туризм және меймандостық университетінің кітапханасына сыйға кітаптарды тарту етті.
Берік БАЙБОЛ,
бөлім басшысы.
Алдыңғы ақпарат

«Музейдің мәдени-білім беру жұмысы: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Келесі ақпарат

ЖАҢА ЖИНАҚ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ