МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Музей түні» шарасында тарихи тұлғалар дәріптелді

18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Музей түні» шарасында музей қызметкерлері келген қонақтарға арнап Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар кейіпкерлері ретінде арнайы экскурсиялар ұйымдастырды. Атап айтқанда, Абылай хан, Қазыбек би, Бопай ханша, Аманбике ханым (Жәнібек ханның қызы), Қабанбай батыр, Ханым бике, Шорнағат хан, Кәмилә ханым (Шақшақ Жәнібектің анасы), Қарашаш ана (Абылай ханның бәйбішесі). Шара соңында туристер мен қала қонақтарына Көреген Әмір Темір дәуірінен бастау алған «Хәлім ботқа» асы мен бауырсақ үлестірілді. Шараға келген туристер мен қонақтар мәдени- көпшілік шараның қуәсі болып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Алдыңғы ақпарат

Музей түні» шарасының ресми ашылуы өтті

Келесі ақпарат

Хикметтер көк аспанда қалықтады