МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Музей түні» шарасының ресми ашылуы өтті

18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Музей түні» шарасының ресми ашылуы өтті. «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры М.Садықбеков мәдени-көпшілік шараны ашып, көпшілік шараның мән-мағынасына тоқталды. «Жас хикметшілер әуезі» тақырыбында хикмет орындаған оқушыларды арнайы алғыс хатпен марапаттады. Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрының әртістерінің қатысуымен «Абылай ханның Ясауи кесенесіне зияраты» тақырыбында тарихи қойылым көпшілікке көрсетілді.
Алдыңғы ақпарат

«СЫР САНДЫҚ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Келесі ақпарат

«Музей түні» шарасында тарихи тұлғалар дәріптелді