МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» КӨРМЕСІ ТАТАРСТАНДА

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың және оның шәкірттері мен ізбасарларының мұраларын, әулиелер Сұлтанының кесенесі мен басқа да сәулеттік, археологиялық ескерткіштерін, тарихи жәдігерлерді, кесенеде жерленген тұлғаларды, қасиетті Түркістан қаласының, жалпы қазақ даласының тарихын, мәдениетін насихаттау және таныстыру мақсатында, жылына ондаған көрме ұйымдастырып келеді. Міне, осындай мақсаттағы игі шара, яғни «Ясауи мұралары және көне Түркістан» атты халықаралық көрме «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының ұйымдастыруымен ертең, 20 наурыз күні Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының астанасындағы «Қазан кремлі» мемлекеттік тарихи-сәулет және өнер музей-қорығында ашылғалы отыр.
Бауырлас татар жұртына музей-қорық директоры М.Садықбековпен бірге барған мамандар, атап айтқанда: көрме ұйымдастырушы Қ.Ысқақ, ғылыми қызметкер Р.Жүзбай және экскурсовод Д.Сәдуақасовтар кешелі бері көрмені құрып, ашуға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Көрменің ашылу салтанаты ертең жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де өтеді.
Халықаралық салтанатты шараға Татарстан Республикасының Мәдениет министрі, Татарстан Республикасының Бас мүфтиі, Татарстан Халықтар Достығы Үйінің басшысы, Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы, Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия, Венгрия, Иран секілді өзге де елдердің Бас консулдары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.
Бауырлас татар халқы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының көрмесін 20 наурыздан 20 сәуірге дейін тамашалайтын болады.
Алдыңғы ақпарат

Ясауия тариқатында халуәт (Бустан ул-мухиббин еңбегі негізінде)

Келесі ақпарат

ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА «ЯСАУИ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ КӨНЕ ТҮРКІСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ