МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ЯСАУИТАНУ-2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласындағы «Жас дарын» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен республикалық «Ясауитану-2024» байқауының облыстық іріктеу кезеңі болып өтті. «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының ғылыми қызметкері Ұлықбек Жүнісбаев аталмыш сайыста қазылық етті.
Білім бәйгесіне Алматы облысына қарасты аудан, қала мектептерінен 20 оқушы қатысып, білімдерін сынға салды.
Байқаудың қорытындысы бойынша Іле ауданы №31 орта мектептің 9-сынып оқушысы Тұрлыбек Аруна бас жүлдені еншілесе, 1-орынды Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы мектеп гимназияның 10-сынып оқушысы Ришат Гүлназ иеленді. Іле ауданы, №53 орта мектептің 9-сынып оқушысы Байларова Маржан, Іле ауданы, №28 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қасым Алуа, Талғар ауданы №24 ЖББОМ 10-сынып оқушысы Абдикадир Исламбек өзара екінші орынды бөлісті. Осы жүлделі орындарды қанжығаларына байлаған бес оқушы сәуір айында Түркістан қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Алдыңғы ақпарат

ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Келесі ақпарат

Отырар ауданында Ясауи мұрасына және Түркістанға арналған көрме өтті