9 тамыз күні музей-қорыққа қарасты Жүсіп ата кесенесіне кезекті бақылау жұмыстары жүргізіліп, ескерткіштің сақталу жағдайына, сондай-ақ сапар орталығының жұмысына мониторинг жүргізілді. Қазіргі таңда Жүсіп ата кесенесінде «Қазқайтажаңарту» РМК тарапынан жоспарлы қайта қалпына келтіру жұмыстары бастау алды. Тамыз-қыркүйек айларында ғимарат күмбезінің және қабырғасының жекелеген кірпіштерін ауыстыру, ішкі әрлеу жұмыстарын қайта жүргізу және қабырғаның құздану процесін алдын-алу бойынша жұмыстар атқарылады.
2021 жылдан бастап Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енген Жүсіп ата кесенесі музей-қорықтың қорғау аймағындағы 45 нысанның бірі.
С.Салходжаев, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекторы.