МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Сауран медресесі

XVIғ. өмір сүрген Васифидің еңбегінде Сауранда шайқалып тұратын екі мұнарасы бар медресе болғандығы айтылады. Медресе орталық алаңның шығыс бетіне орналасқан, көлемі 1500кв.м жерді алып жатыр. Құрылыс іргесі 2005-2007жж. қазба кезінде толық аршылған. Кезінде екі қабатты болған медресенің бірінші қабаты шәкірттер тұратын хұжыралардан, екінші қабаты дәрісханалардан тұрған.
Медресенің қас бетіндегі порталдардың екі жанында биіктігі 14,5м қос мұнара орналасқан, олардың іргесінен диаметрі 3,4м, ұшының диаметрі 1,9м, ара қашықтығы 4,7м.
Медресе Бұхара билеушісі Убайдулланың бұйрығымен салынып, 1515ж. аяқталған және оның бас мұддарисі (ректоры) болып Шамс-ад-дин Мұхаммед әл Күрти тағайындалады.
Алдыңғы ақпарат

ҰЛЫ АБАЙ ДӘРІПТЕЛГЕН КҮН

Келесі ақпарат

15 ТАМЫЗ — АРХЕОЛОГТАР КҮНІ