«Әзірет Сұлтан» музей-қорығына қарасты Үкаша ата кесенесі аумағында көктемгі тазалық, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Су ағатын арықтар аршылып, ағаштар әктеліп, гүл көшеттері отырғызылды. Көшеттер мен шырша ағаштарын тамшылатып суару мақсатында арнайы су құбыры тартылуда. Алдағы уақытта келуші зияратшыларға барынша жайлы жағдай жасау үшін игілікті істер жалғаса беретін болады.