Орталық Азия мемлекеттерінің парламентаралық форумына қатысу үшін Түркістанға келген мәртебелі меймандар әуелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келіп, түркі жұртының Ұлы Ұстазы Әзірет Сұлтанға зиярат етіп, бабалар рухына Құран бағыштады. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев,
Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісінің төрағасы Танзила Нарбаева, Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Шакиев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісінің төрағасы Махмадтоир Зокирзода, Түркіменстан Мәжілісі төрағасының орынбасары Гурбанмурат Ашыров және Парламент төрағаларымен бірге келген депуттаттар киелі кесенені аралап, музей қызметкерлерінің экскурсиясын тыңдады.