«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ
«Әзірет Сұлтан» музей-қорығы Ғылыми кеңесі музейдің бірлесе басқару түрлерінің бірі болып саналады. Ғылыми кеңес Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Ғылыми кеңес туралы Ережесін және музей Жарғысын басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады.
Ғылыми кеңес жұмысының мақсаты – музей-қорықтың ғылыми саясатын қалыптастыру, ғылыми зерттеулерді үйлестіру, музей-қорық қызметін жетілдіру.
Ғылыми кеңес міндеттері – музей-қорық қызметінің мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру және ақпараттық-танымдық қызметі үдерісіндегі негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау.
Ғылыми кеңес музей-қорық директорының бұйрығымен құрылады. Ғылыми кеңес құрамына музей-қорық директорының орынбасарлары, бөлім басшылары мен бөлімдердің ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар, басқа ұйымдардан ғылым докторлары, сала бойынша ғалымдар, өнер қайраткерлері, мәдениет мекемелерінің өкілдері сайлана алады. Ғылыми хатшы Ғылыми кеңестің іс қағаздарын жүргізеді.
Ғылыми кеңес жұмысын ұйымдастыру, оның мәжілістерін өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі Ғылыми кеңестің регламентімен айқындалады.
Ғылыми кеңес мәжілісінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары (PDF) |
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» музей-қорығы ғылыми кеңесі туралы ЕРЕЖЕСІ (PDF) |








