Осы тақырыппен «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының Түркістан қаласының мектептерінде көрме ұйымдастырып келе жатқанына біраз уақыт болды. Бұл көрмелер мектептердегі дәстүрлі «Тарих апталығы» аясында өтіп жатыр. Дәл сондай тарихи-мәдени шара бүгін, 20 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы М. Әбенова атындағы жалпы орта мектебі мен №17 Ататүрік атындағы мектеп гиманзиясында өткен болатын. Көрмеге 100-ден аса оқушылар мен ұстаздар қатысты.
Қожа Ахмет Ясауидің және оның ізбасраларының қолжазба кітаптары, Әмір Темірдің кесенеге сыйға тартқан ортағасырлық ХІV ғасырдың құнды жәдігерлері — лауха, есіктер, тайқазанның көшірмелері, музей қорындағы этнографиялық бұйымдар мен жиһанкез А.Кунның 1871-1872 жж. түсірілген «Түркістан альбомында» жарық көрген шаһардың, киелі кесененің бірегей фотосуреттері көрмеге келушілердің назарына ұсынылды. Қалалық адами әлеуетті дамтыу бөлімі бастаған, қаладағы әр мектептен келген тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушыларына музей-қорықтың кіші ғылыми қызметкерлер Талғат Оразов пен Байсеит Сұлтан көрменің экскурсиясын жүргізді.
Оқушылар және мұғалімдер Ахмет Ясауи бабамыз бен оның кесенесі, өмірбаянына қатысты құнды ақпараттар алып, өздерінің алғыстарын білдірді.