«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі — БАҚ көзімен» республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» аясында журналистер арасында шығармашылық байқау жариялайды.

Байқауға телеарналар, баспа және интернет-ресурстарының журналистері, блогерлер қатыса алады. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқаудың шарттары:

Байқауға қатысушы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тыныс тіршілігі, кесенеде жерленген тұлғалар мен тарихи мәдени ескерткіштері жайлы тың шығармашылық туындыларын ұсынуы қажет.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы «Үздік телесюжет», газет, журналдар және интернет-порталдардағы «Үздік мақала» номинациялары бойынша ең үздік жұмыстарды іріктейді.

Телеарна, баспасөз және интернет порталдарда, әлеуметтік желіде немесе онлайн БАҚ-да 2019 жылдың 17 маусым мен 25 маусым аралығында жарияланған үздік жұмыстардың авторлары арнайы диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың қорытындысы 28 маусым күні жарияланады.

Өтініштер мен шығармашылық жұмыстар azret-sultan@mail.ru электрондық поштасына «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі — БАҚ көзімен» байқауына деген атаумен жіберілуі тиіс.

Ұйымдастырушы мекен-жайы: Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы 282А

Қосымша ақпарат  үшін байланыс телефондары:

Тел./факс: 8 (72533) 3-23-00, +7775-840-20-03

Қосымша 1 парақ

АНКЕТА

Қатысушының аты-жөні:
Мекен-жайы: (Облыс,қала, аудан,)
БАҚ атауы:
Материал тақырыбы:
Байланыс телефоны:
Электронды мекен-жайы:

 

 

 

 

 

Алдыңғы ақпарат

Алик Шпекбаев «Әзірет Сұлтан» қорық-музейімен танысты

Келесі ақпарат

Арыстанбек Мұхамедиұлы тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты