МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қылует жерасты мешіттерінің құрылуында ғар бөлмелерінің маңызы

Археологиялық қазба жұмыстары «Қылует» мешіттері «ғар» бөлмелерінің негізінде салынып отырғандығын дәлелдейді. Яғни, алғашқыда сопылық жолдың мүршиді ілімді тарату мен дамыту, өз рухын кемелдендіру мақсатында жерасты ғар бөлмелеріне түсіп отырған. Кейінірек осы ілімді ұстанушы тәліптер ғар бөлмесі үстіне ғибадатханалар салатын болған. Араб тілінде «غَار-ғар» сөзі — үңгір мағынасын береді. Сопылық терминологияда бұл сөздің мағынасы — жағалау, еру, жеке дара жол табу деген мағыналар береді. Мұхаммед Пайғамбарға да (с.ғ.с.) Алладан келген ең алғашқы уахи, Қасиетті Құран Кәрімнің бес аяты тау үңгірінде болған кезінде түскен. Жер астынан «ғар» бөлмелерін қазып, Алалаға ғибадат ету үрдісі осы жағдайдан туындаған болса керек.
Қылует жерасты мешіттерінің «ғар» бөлмелері негізінде салынып отырғандығын ескерткіште түрлі уақытта археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген Т.Н.Сенигова, Е.А.Смағұлов, М.Қ.Тұяқбаев сынды археологтардың табыстары да растайды. А.Л.Шмидтің көшірме нұсқасындағы 18 бөлмеден тұратын кешендік құрылыстың ең көне бөлігі ХІІ ғасырда салынған «ғар» бөлмесі мен оның үстіне дөңгелек етіп салынған мешіт бөлмесі, ал кешеннің басқа бір бөлігінің ХV-XVII ғасырларда, қалған бөлігі XVIII-XIX ғасырларда салынғандығы археологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталды. Көріп отырғанымыздай жерасты қылует мешіттері «ғар»-үңгір ғибадатханалары негізінде салынып, уақыт өте келе түрлі мақсаттағы қосымша құрылыстар қосылып отырған.
Толқын ЖОЛДАСОВ, қор сақтаушы.
Алдыңғы ақпарат

Мөлдір Әбдуәлиева мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі – баспасөз қызметінің жетекшісі қызметіне тағайындалды

Келесі ақпарат

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл: Астанада Гала-концерт өтті