МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Өзбекстандық кино мамандары Қожа Ахмет Ясауи жайлы фильм түсіруде

Өзбекстан Республикасының «Ózbekkino» Ұлттық агенттігі Қожа Ахмет Ясауи жайлы «Мерос» фильмінің түсірілім жұмыстарын бастады.

Фильмнің мақсаты — 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы, 2019 жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты, Түркі елдері арасындағы бауырластықты насихаттау.

Фильмнің басты кейіпкері Өзбекстан Республикасының Қазақстанмен шекаралас ауылында тұратын Бахшилло ақсақал немересімен бірге Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жолға шығып, жол-жөнекей қазақ елінің қонақжайлылығы мен бауырмалдығы, екі ел халқының бір-біріне деген бауырмалдығы мен мейірімі, әкесі Абдулланың Сәрсен атты қазақ азаматымен жан достығы, оның аң аулау кезінде әкесін өлімнен құтқарғаны жайлы естелік әңгімелерін айтып береді. Әкесі Абдулла мен Сәрсен бір-бірімен айнымас дос болуға серттеседі.

Бахши ақсақал қазақ халқына әкесінің құрметі жөнінде әңгімелей отырып, Қазақстан шекарасына кіргеннен кейін байырғы досы Оралбайдың үйіне қонақ болады. Домбырамен ән айтып, сыр шертіскен соң Оралбай досы Бахшила мен немересіне ат пен түйе мінгізіп, Түркістанға шығарып салады. Ақсақал немересі Анварға жол бойына Қожа Ахмет Ясауидің тарихы және Түркістан жайлы қызықты әңгімелер айта отырып, қазақ жерінде тәрбиелік мәні зор түрлі оқиғалардың куәгері болады. Жолаушылар Түркістан қаласына келіп, Ясауиге құран бағыштап, асықпай тарихи орындармен танысады. Түрлі қызықты әрі мағыналы оқиғалармен сабақтастырылған киноның мазмұны осылай болмақ. Мамандардың айтуынша, туынды 2021 жылы жарыққа шығады.

Фильмнің режиссері — Хилол Насимов.

Алдыңғы ақпарат

Сәдуақас ата мазары, ХІІ ғ.

Келесі ақпарат

Қошқар бейнелі шырағдан, ХVІІ-ХVІІІ ғғ.