МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ЯСАУИТАНУ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК жыл сайын мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану» республикалық байқауын өткізіп келеді. Биылғы республикалық байқау жиырма алтыншы рет ұйымдастырылғалы отыр.
Байқауға Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Абай, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан 80-ге жуық оқушы қатысуға ниет білдірді. Екі күнге жоспарланған сайысқа қатысушы оқушылар қонақ үйлерге орналасып, музей-қорықтың кеңсе үйінде өткен тіркеуге қатысты.
Тіркеу аяқталған соң байқау қатысушылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы зиярат жасап, бабалар рухына құран бағыштап, тағзым етті. Байқау қатысушылары мен әр өңірден келген жетекшілер одан әрі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және ондағы жәдігерлер, Рәбия Сұлтан бегім, Есім хан, Тәуке хан кесенелері, Жұма мешіті музейі, Қылует жерасты мешіті музейі, Шығыс моншасы, Түркістан тарихы музейі, Хан Ордасы, Хан мешіті, Қала қақпалары, Күлтөбе қалашығында ұйымдастырылған арнайы экскурсияға қатысты.
Еліміздің әр өңірінен келген жас хикметшілер ертең яғни, 19 сәуір күні «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасының Үлкен Мәжіліс залында бір күн бойы өзара мықтыны анықтайтын болады. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сый-сияпаттар берілетін болады.
Байқау сағат 10:00-де басталады. Барша түркістандықтар мен қала қонақтарын Ұлы Баба мұрасына арналған танымы мен тағылымы мол рухани шараны тамашалауға шақырамыз.
Берік Байбол
Бөлім басшысы
Алдыңғы ақпарат

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Келесі ақпарат

ЯСАУИТАНУ БАЙҚАУЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ