28 ақпан күні Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов елді-мекені, Абай атындағы жалпы орта мектебінде “Әзірет Сұлтан” Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен “Түркістан және Қожа Ахмет Ясауи мұрасы” тақырыбымен көрме-лекция өтті.
Тарихты кітаптан оқу бір басқа, оны өз көзіңмен көру – мүлде бөлек әсер!
Көрме-лекция барысында оқушылар мен ұстаздар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи мәнін тереңірек түсініп, кесенедегі Тайқазан, көне қыштар, зергерлік бұйымдар, қолданбалы өнер туындылары сияқты құнды жәдігерлермен танысты. Әрбір экспонат – өткен ғасырлардың үнін жеткізетін құнды дерек.
Археологиялық олжалар – тарихқа сапар шеккендей әсер сыйлады! Түркістан даласынан табылған көне құмыралар, металл ыдыстар, қолөнер туындылары оқушыларды ғасырлар тереңіне жетелеп, өткен заманның тынысын сезінуге мүмкіндік берді.
“Сезіну, көру, түйсіну” – көрменің басты ерекшелігі! Оқушылар өздері оқып жүрген тарихи мәліметтерді көзбен көріп, ұлттық мұраның маңызын терең ұғынды.
Ұстаздар бұл іс-шараның жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы орны ерекше.








