МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«СЫР САНДЫҚ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

18 мамыр – Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының ұйымдастыруымен Ясауи музейінің Конференция залында мектеп оқушылары арасында «Сыр сандық» интеллектуалдық сайысы өтті.
Сайысты «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары т.ғ.к., профессор М.Тастанбеков ашып, барша қатысушыларды халықаралық мерекемен құттықтап, оқушыларға сәттілік тіледі.
Директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары т.ғ.к., профессор М.Тастанбеков, Қор сақтау және есепке алу бөлімінің басшысы Н.Әшірбекова, Ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы Б.Байболов сайысқа қазылық жасады.
Командалық сайысқа қаладағы Ә.Науаи атындағы мектеп-гимназиясы, Н.Пошанов атындағы жалпы орта мектебі, С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты. Сайыс сұрақ-жауап түрінде өткізілді. Командалар Лувр (Франция, Париж), Метрополитен (АҚШ, Нью-Йорк), Эрмитаж (Ресей, Санкт-Петербург) командалары болып сайысқа түсті. Сыр сандықта он бес сұрақ жасырылып, әр команда кезек-кезегімен сұрақтарға жауап берді.
Сайыстың қорытындысы бойынша Н.Пошанов атындағы жалпы мектебінің Лувр (Франция, Париж) командасы 30 ұпай жинап, бірінші орынға ие болса, Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектебінің Эрмитаж (Ресей, Санкт-Петербург) командамасы 25 ұпай жинап екінші орынға тұрақтады, С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің Метрополитен (АҚШ, Нью-Йорк) командасы 15 ұпай жинап үшінші орынға ие болды.
Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпаттар мен арнайы дипломдар табысталды.
Б.Байбол, бөлім басшысы.
Алдыңғы ақпарат

МУЗЕЙ ҚОРЫ 50-ДЕН АСТАМ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Келесі ақпарат

Музей түні» шарасының ресми ашылуы өтті