Кітап, көне баспа. «Сияри нәби» (Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) тің өмірі), 3 беттен басталып, 80 бетпен аяқталған. Өлшемі: 26,5х17,5 см. Турки тілінде. Қайда, қашан басылғаны белгісіз.
Бұл кітапта Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у) туылардан бұрын, туылғаннан кейін, яғни олар өмір сүрген кезең оқиғалары баяндалады. Жәбірейіл (ғ.с) періште Мұхаммед (с.а.у) ке келіп үмметің құран аяттарын көп оқысын, өйткені қиямет күні оның сауабы мол болады деп ескерткен. Сондай-ақ Жәбірейіл (ғ.с) періште пайғамбарымызға миғражды көрсеткен. Мұхаммед (с.а.у) аршыны (Алланың тағы), күрсіні (Алланың тағы), лауһ қаламды (тағдыр тақтасы), тозақты, 7 қат аспан мен жерді көрді. Мұхаммед (с.а.у) ол жайында былай деген: Мен пыраққа (бурақ) мініп аспанға көтерілдім. Ол пырақ жәннәттан келген жануар еді. Мұнымен қоса мен барлық өткен пайғамбарлармен және үнемі құлшылықтағы періштелермен кездестім деген. Міне осы күні 5 уақыт намаз парыз болған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) Исра және миғраж оқиғасын миләди 621 жылы Режеп айының 26 сынан 27 сіне қараған түні басынан өткерді. Бұл Меккеден Мединеге һижрет (қоныс аудару) етуден 18 ай бұрынғы оқиға еді. «Миғраж түні» пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) Меккедегі әл-харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра (түнгі сапар) жасаған. Түнгі сапар арабтарда «исра» деп аталады. Одан миғражға яғни көкке көтеріліп, өзінен бұрын өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықтағы періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі аяттарын көріп, Онымен тілдесті. 5 уақыт намаз осы түнде парыз етілді. «Миғраж» пайғамбарымыздың ең үлкен мұғжизаларының бірі. «Мұғжиза» Аллаһтың құдіретімен жүзеге асатын, адамдардан тек пайғамбарларға ғана тән, таңғажайып құбылыс. Жүрегінде иман нұры орныққан әрбір адам Аллаһтың мұғжизаларына шүбәсіз сенеді. Осы түнде Жәбірейіл (ғ.с) пайғамбарымызға (с.а.у): «Ей, Мұхаммед, Аллаһ Тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп етпек. Сені құзырына шақырды», — дейді. Осыдан кейін Жәбірейіл (ғ.с) Мұхаммед (с.а.у) ті әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне бір сәтте алып келеді. Бұл туралы Аллаһ Тағала қасиетті Құранда: «Аллаһ пәк. Мұғжизаларымызды көрсету үшін (Аллаһ Тағала) бір түні өз пендесін (Мұхаммедті) әл-Харам мешітінен төңірегі тұнған береке-байлық әл-Ақса мешітіне алып келді. Шынында, Ол (Аллаһ Тағала) естуші әрі көруші» («Исра» сүресі, 1 аят), — деген. Пайғамбарымыз мен пыраққа (бурак) мініп, жер бетінен көкке көтерілдім. «Пырақ» — бұл жұмақтан келген жануар еді. Жәбірейіл (ғ.с) қасымда болды деген. Миғраж түнінен кейін Жәбірейіл (ғ.с) пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) ке намаздардың уақыттары мен оның оқу тәртібін үйретеді. Кітапты 16.09.2008 ж. өткізген Түркістан қаласының тұрғыны Ғафур Жорабайұлы.