МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҮШ ЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы және «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» арасында ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ҮШІН ӨЗАРА ҮШ ЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты — туризмді дамыту және келіссөздер жүргізу салаларындағы іс-әрекеттерді үйлестіру, өзара түсіністік негізде өз құзіреті шегінде туризм саласында ұзақ мерзімді және жан-жақты қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ, ішкі туризмді үйлестіруге, туристік имиджді қалыптастыруға бірлесе атсалысу.
Меморандумға қол қою барысында «Әзірет Сұлтан» музей-қорғының директоры Мәулен Садықбеков туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, инвестиция тартуға, туризм және музей ісі саласындағы мамандардың біліктіліктерін арттыруға, үздік шет елдік тәжірибені қолдану бойынша ұсынысын жеткізді. Жиын соңында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Төлегенов Талғат әкімдік тарапынан туризмді дамытуға бағытталған жобаларға, шараларға қолдау көрсетілетіндігін, келушілерге сапалы қызмет көрсетуді көздеген жұмыстар мекемелер арасында оңтайлы жүзеге асатындығына сенім білдірді.
Алдыңғы ақпарат

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Келесі ақпарат

СТУДЕНТТЕР ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ