Жаңарқадан жаяу шыққан Қотырашов Сәрсенбай Оспанұлы ақсақал сапарының 22 күні Түркістан қаласына келді. Ол кісі туған жерден бастаған саяхатын Қазақстанның барлық облысында жалғастырмақ.
Сапар барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы келіп, бабалар рухына құран бағыштаған ақсақал, Кесене алдында бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат берді. Сәрсенбай Оспанұлы өз сапарының мақсаты: Қазақстанның тарихи-географиялық орталығы Ұлытау өңірін таныту, қолөнер шеберлерінің тізімін ЮНЕСКО-ға тапсыру үшін жинақтау, қазақ қымызын насихаттау екенін атап өтті. Қазақтың салт-дәтүрі мен қолөнерін дәріптеп жүрген шебер ұста, әрі саяхатшы Сәрсенбай Оспанұлының бастамасына табыс тілейміз.