МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Сəкен Мұсайбеков Мəдениет жəне спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

Бүгін ҚР Үкіметінің Қаулысымен Елдос Мұратұлы Рамазанов өз еркімен берген өтінішіне сәйкес ҚР мәдениет және спорт вице-министрі лауазымынан босатылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бұл қызметке Сəкен Мұсайбеков тағайындалды.

Сəкен Жүнісбекұлын ұжымға Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.

Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1991 жылы Қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы бастаған.

1991-1995 жылдары «Алма» іскерлік ынтымақтастықтың Алматы салааралық интерассоциациясының жетекші маманы, коммерциалық директоры.

1995-1996 жж. – ҚР Министрлер кабинетінің жанындағы Шетелдік қаржыны жұмсау Комитетінің жетекші, бас маманы.

1996-2000 жж. – ҚР Парламентінің Мәжіліс Аппаратында қызмет еткен.

2000-2001 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің департамент директоры.

2001-2002 жж. – ҚР көлік және коммуникациялар министрлігі автожолдар комитеті «Қазахавтодор» МҚМ бас директорының орынбасары.

2002-2004 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің бөлім басшысы, аппарат басшысы.

2004-2005 жж. – ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі.

2005-2006 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы.

2007-2012 жж. – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры, аппарат басшысы.

2012-2015 жж. – Спорттық жекпе-жек пен күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры.

2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі.

2019 жылдан осы уақытқа дейін Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) Бас хатшысы қызметін атқарған.

«Құрмет» орденімен (2014), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

Алдыңғы ақпарат

Зікірия Жандарбек — Қожа Ахмет Ясауи және қазақ руханияты

Келесі ақпарат

Ақтоты Райымқұлова Отан қорғаушылар күнімен құттықтады