МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Республика күні мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті

Бүгін «Әзірет Сұлтан» музей-қорығында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті.
Салтанатты жиында сөз алған музей-қорық директоры М.Садықбеков ұжымды маңызды мерекемен құттықтай келе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек» деген сөзін тілге тиек ете отырып, Жаңа Қазақстанның басты мерекесінің маңыздылығына жан жақты тоқталды. Әрқайсымыз өз міндеттерімізді жауапкершілікпен адал атқара отырып, Еліміздің Егемендігін нығайтуға айтарлықтай үлес қоса алатындығымызды және бұл баршамыздың азаматтық борышымыз болып табылатындығын атап көрсетті.
Директор орынбасарлары мен бөлім басшылары Н.Дүкенбаев, Б.Нұрханов, М.Тастанбеков, Н.Әшірбекова және т.б.-лар сөз сөйлеп, әріптестерін мерекемен құттықтады.
Жиын соңында музей-қорық директоры М.Садықбеков өз міндеттерін адал атқарған ұжым мүшелеріне арнайы алғыс білдірді.
Алдыңғы ақпарат

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ

Келесі ақпарат

БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ