«Әзірбайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға ұшуды бастады. Бұл ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің белсенді қатысуымен жүзеге асырылды.
Бакуден Алматыға ұшу аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері. Ал 16 наурызда «Әзірбайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге ұшатын рейс ашты.
«Алматы — Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзірбайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады», — деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.