МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қожа Ахмет Ясауидің аяны

Әулие кереметі жайлы әңгіме әсте толастамақ емес. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз қылуетханасында ұзақ жыл жасап, қайтыс болғаннан кейін де бірнеше рет кереметтер көрсетеді. Тарих және аңыз кітаптарында бұл сансыз кереметтердің тек бірнешеуі ғана жазылып қалған.

Мәселен, Әмір Темір Қожаның мазары үстіне бір кесене және мешіт ғимарат тұрғызуы ескі бір аңыз бойынша Қожаның кереметтерінің бірі еді. «Рисале-и Тауарих-и Булгарие» атты шығармада бұл аңызды мынадай етіп көрсетеді: «Бірде Хазреті Әмір Темір Қызыр Әлейхиссаламмен бірге Бұқараға баруға ниеттенеді. Жолда Түркістанға тоқтайды. Түркістандық Қожа Ахмет Ясауи Әмір Темірдің түсіне енеді де: «Әй, жігітім, тездетіп Бұқараға бар, иншаллах ол жердегі шаһтың өлімі сенің қолыңда, сенің басыңнан көп нәрсе өтсе керек, бүкіл Бұқара халқы онсыз да сені күтіп отыр», – дейді. Әмір Темір осы түсті көріп оянып, Аллаға мың мәрте шүкіршілік етеді. Ертеңіне Түркістан билеушісі Ноғайбек ханды шақыртады. Ахмет Ясауи қабіріне кесене орнату үшін оған қомақты қаржы береді. Түркістан билеушісі осылайша ғажайып бір кесене тұрғызады және ол бүгінгі күнге дейін бүкіл әдеміліктерге тұнып тұр. Шындығында, Темірдің Қожа Ахмет Ясауиге ден қойып сенгендігін басқа да деректерден көреміз, тіпті Бірінші Сұлтан Баязидпен соғысу үшін Анадолыға сапарында Қожаның рухына Құран бағыштап, зиярат етеді. Ол баба хикметтерін жатқа айтып, ешкімнен жеңілмепті дейді сайыпқыран қолбасшыны зерттеушілер.

Алдыңғы ақпарат

«Тазкират ул-Аулия» (Әулиелердің өмір жолы)

Келесі ақпарат

Арғын, қанжығалы Әлібек батыр Құдайбердіұлы