МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: көшпелі көрме-лекциясы өтті

«Зерек бала» зияткерлік мектебінде жоспар бойынша кезекті «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы» тақырыбында көшпелі көрме-лекция өтті.

Шара барысында оқушылар әулие-данышпан Қ.А. Ясауи ілімінің тарихы мен мән-маңызы туралы мағлұмат алды. Тарихи жәдігерлер мен құнды деректерге толы көрме олардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, ұлы ойшылдың мұрасын тереңірек ұғынуға ықпал етті.

Көрме барысында оқушылар белсенділік танытып, қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді. Шара соңында өз пікірлерімен бөлісіп, музей-қорыққа арнайы келетіндерін айтты.

Көшпелі көрме-лекция оқушылардың рухани-танымдық дамуына тың серпін беріп қана қоймай, ұлттық құндылықтарымыздың қадірін түсініп, қасиетін жүрекпен ұғынуға баулыды.

Алдыңғы ақпарат

Түркістан маңындағы қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері

Келесі ақпарат

ҚАЙТА ОРАЛҒАН ҚАЗЫНА