МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛУШІЛЕР ТАРИХИ ФИЛЬМДЕРДІ ДЕ ТАМАШАЛАУДА

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құжыра бөлмесінде «Қазақфильм» және «Оңтүстікфильм» киностудиялары түсірген деректі және анимациялық фильмдер зияратшылар мен туристерге тұрақты түрде көрсетіліп келеді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келген әрбір келуші жәдігерлермен қатар тарихи фильмдерді де тамашалап, алғысын білдіруде.

2016 жылдан бастау алған бастама аясында Түркістанға қатысты деректі фильмдер тамашаланса, 2018-2019 жылдары «Алмас қылыш», «Көшпенділер», «Жаужүрек 1000 бала» көркем фильмдері мен «Күлтегін», «Мұзбалақ», «Көне құмыраның сыры», «Қажымұқан», «Қазақ Елі», «Отырарды қорғау», «Түркістан», «Оқсыз» анимациялық фильмдерін тамашалауда.

-«Көрсетілімдер тек балалар ғана емес ересектер үшін де қызықты. Алыс-жақын жерден келген қонақтар бір сәт демалып, фильмдерімізге де көз жүгіртеді. Күніне орта есеппен 200-300- дей келуші Құжыра бөлмесіне бас сұғады.Тарихи тағылымы мол бұл істің да берер тәрбиесі мол»,- дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков.

Айта кетсек, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» жобасы негізінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген қазақтың хан-сұлтандары мен би-абыздары, батырлары мен игі жақсылары тізімі цифрлы форматта үш тілде әзірленсе, кесене ішінде 2 ақпаратты киоскі, шағын кинозал, 3D тур қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің жаңартылған ресми сайтының мобильді қосымшасы да іске қосылған.

Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде «Қасиетті шаһар – балалар көзімен» фото көрмесі өтті

Келесі ақпарат

Шығармашыл оқушылар арасындағы «Түркістан және тарихи тұлғалар» республикалық байқауы