Меңдуана ата кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғғ.

Иассы ауылдық округы аумағында, көне қорымда орналасқан. Меңдуана ата ХVІІ ғасырда өмір сүрген Ислам дінін уағыздаушы кісі болған. Әулие бабаның шын есімі Сырлыбай болған екен. Бұл кісінің не себепті Меңдуана ата аталуы ешкімде анық білмейді.  Меңдуана бабаның бір қасиеті шашын екі елідей өсіріп жүреді екен. Әулиенің алған шашын көп адамдар тұмар етіп тағатын көрінеді. Меңдуана бабаның шыққан тегі Орта жүз Қоңыраттың ішіндегі Қоңыршұнақ Жиенбет Борай руынан. Созақ өңірінде дүниеге келіп, сонда өсіп өнген. Әулиенің қасиеттері Төрт түлік малдың пірі. Бұрыңғы өткен аталарымыз малды ауырып, өсімі азайғанда осы әулиеге әкеліп түнеткен екен. Бақ-дәулеті қайтып, тұрмысының берекесі болмай қиналғанда Меңдуана атаға келіп түнеп, Алладан медет тілеген екен. Мазары шикі кірпіштен салынғандықтан түпнұсқа күйінде толық сақталмаған. Алғашқы салынғаннан бері жоғарғы бөлігі құлап, жергілікті халықтың күшімен қайта тұрғызылған. Бір бөлмелі, қабірдің ұзындығы 2,8 метр, үстіне жартылай цилиндр кесіндісі пішінде үйінді кесектен қаланып, үсті әк қосылған ерітінді лаймен сырланып әктелген. Кейіннен құйылған іргетасының биіктігі 3,5 метр. Кесененің жалпы ұзындығы 5,10, биіктігі 3,2 метр. 2012 мазары кірпіштен қайта салынды.

Алдыңғы ақпарат

КИЕЛІ ТҮРКІСТАННАН ЕЖЕЛГІ ТАРАЗҒА САПАР

Келесі ақпарат

Сидақ ата қалашығы, І-VІІІ ғғ.