МАҢЫЗДЫ :

nothing found

МҮСІН, VІ-VІІІ ғғ.

Мүсін, (идол, пұт). VІ-VІІІ ғғ. — Саз балшықты илеу арқылы үш көзді адам бейнесінде жасалған. Үшінші көзі мұрын үстіне, маңдайына орналасқан. Мойны  орағышпен оралып беліне белбеу байланған. Омырауында үшбұрыш пішінді тұмар тәрізді белгісі бар. Мүсіннің «пұт» деп аталуына маңдайындағы үшінші көзінің болуы себеп болды. Зороастризм дінінде құдайларының мүсіндерін не мүсінше-пұттарын жасау манихей дініне қарағанда кейінірек пайда болды және Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне кеңінен тараған бұл діннің Таяу Шығыс елдеріне қарағанда өзіндік жергілікті өзгешелігі болды. Бұл мүсін-идол Сидақ ата қаласынан өте үлкен терең қоқыс тастайтын шұқырдан табылды, шұқырды тазалау барысында қайта қалпына келтіру мүмкін емес есепсіз көп мүсіншелер сынығы шыққан. Сидақ ата қаласы (І-VІІІ ғғ.) Түркістан жазирасындағы зороастризм дінінің аса ірі орталығы болған. Мұндағы отқа табынушылардың неше түрлі ғибадатханалары қала цитаделіне шоғырланған, мұнда мұнара тәрізді биік, құрылымы үшбұрышты болып келген, алтарьі (михраб) бар төртбұрышты және трапеция сияқты құрылымда салынған алып (35х20м.) аула-ғибадатханалар да табылған.

Тарихшы Нершахи Бұхарада ислам діні орнағаннан кейінгі уақыттың өзінде жыл сайын жәрмеңке өткізіліп, онда түрлі құдайлардың мүсін-пұттары сатылатын болғандығын және өз мүсін-пұттарын жоғалтып алған, немесе тозып кеткенде әрбір адам жаңасын сатып алып отырғандығы жайлы хабарлаған. Міне, солай ескірген пұттар сындырылып арнайы белгіленген жерге тасталған шұңқырдан осы пұт табылған. Мүсін музей қорына 2008 жылы қабылданған, археолог М.Тұяқбаев өткізген. Сидақ ата қаласынан табылған. Өлшемі: 9,5х5 см. тең. Сидақ ата қаласы Түркістан қаласынан батысқа қарай жиырма шақырым, Шымкент-Қызылорда автомобиль жолының сол жағында 2 шақырым жерде орналасқан.

Алдыңғы ақпарат

Ясауитану байқауының ережесі

Келесі ақпарат

ҚЫЛУЕТКЕ ЕНУШІЛЕР МЕН ОҢАШАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ӘДЕПТЕРІ