«Мұхтасар» шариғат заңдарына түсіндірме кітабы. Парсы тілінде жазылған. Өлшемі: 27х18,5 см. 3-437 беттен тұрады. Жылы белгісіз.
Бұл кітапта ислам дінінің шарттары мен шариғат заңдары жайлы сөз болады. Жалпы айтқанда фикһ (терең түсіну, мен жан — жақты ұғыну) ілімі 4 ке бөлінеді. 1) Ғибадат, 2) Муамалат, 3) Мунакахат 4) Укубат.
«Ғибадат» дегеніміз: Алланың алдындағы парыз болған амалдарды білдіреді. Мысалы: кәлимаи шәһадат (Алланың бар екендігіне куәлік ету), намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажылыққа бару.
«Муамалат» (қарым – қатынас) мәселесіне сауда — саттық, жалға беру, кепіл немесе кепілдік көрсету, несие беру, ширкет (серіктестік), мирас (мұра) қалдыру жатады.
«Мунакахат» (неке мәселесі) мәселесіне никах (үйлену), талақ (ажырасу) жатады.
«Укубат» (қылмыс пен жаза) мәселесіне жинаят (денеге жарақат салу, өлтіруден басқа) мәселесі жатады.
Мұнан басқа фикх ілімінің басқада мәселелері қамтылған. Олар: вакыф (қор) мәселесі, әшрибә (ішімдік) мәселесі, зебаих (малдарды сою жағдайы), әс-сайд (аң аулау), иқрар (мойындау), әд — дауа (дау — жанжал) мәселесі, хажыр (үнемдеуді шектеу), сулх (даудан бас тартып, бітімге келу), уасият (өсиет қалдыру), уәкәлат (өкілдік), икрах (қорқыту арқылы қандай да бір құқықтық іс әрекетті істеуге мәжбүрлеу), жалпы осы мәселелер түсіндірілген.
Кітапты өткізуші: Шымкент облысы, Сайрам ауданының, Қарабұлақ ауылының, Тастемір Рүстемов көшесі, № 34 үй тұрғыны Ташметов Махамбет.