МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ — ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖОБАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнебайланыс арқылы қатысуымен өткен «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін салтанатты түрде марапаттау шарасында Ұлттық музейдің жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы «Qazaqstan project management awards – 2021» номинациясы бойынша Жылдың ең үздік жобасын жеңіп алып, алтын статуетканы иеленді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы еліміздің мыңжылдық тарихындағы алғашқы ауқымды жобада тарихи-мәдени ескерткіштерді ел есінен ұмыт қалдырмай, мұралардың маңызды тарихын түгендеу, ғылыми еңбектер жарыққа шығару бағытында көптеген мақсатты істер атқарды.

Тарихымызда бұрын-соңды жасалмаған көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін жасап, ұлттық құндылықтарды бір арнаға тоғыстыруда орасан зор еңбек сіңірген «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының алдағы істеріне де жеміс тілейміз!

Құрметпен,
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

Алдыңғы ақпарат

Өзбекстандық делегация Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді.

Келесі ақпарат

«Тәуелсіздік және Түркістан» атты жылжымалы көрме-лекция өткізілді