МАҢЫЗДЫ :

nothing found

КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМДЫ ДӘРІС

Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен іліміне арналған “Әзірет Сұлтан” музей-қорығының көшпелі көрмесі Түркістан қаласы №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында жалғасын тапты. Мектептің мәжіліс залына жиналған оқушылардың көрмеге деген ықыласы мен пейілі өте зор екендігін байқадық. Көрменің экскурсиясын музей-қорықтың кіші ғылыми қызметкері Т.Оразов жүргізіп, көрме экспозициясына қойылған 60-тан астам жәдігерлер жайында толыққанды ақпарат беріп өтті.
 Оқушылар мен мұғалімдер көрме экспозициясында Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Миратул Қулуб», «Рисалла дар адаби тариқат» кітаптары, соңғы жылдары жарыққа шыққан «Диуани хикмет» кітабының нұсқалары мен музей қорында сақталған этнографиялық жәдігерлер және 1871-1872 жж. А.Кунның «Түркістан альбомы» кітабында жарияланған кесене, ондағы тайқазан, лауха, есіктер, кесене маңындағы тарихи орындардың фотосуреттерін тамашалады.
 Көрме аясында Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімінің инспекторы С.Салходжаев «Түркістан өңіріндегі ескерткіштерді қорғау, сақтау, насихаттау» тақырыбында дәріс өткізсе, инспектор Ә.Тұрсұн музей-қорықтың жанынан құрылған «Ясауитану» клубы, «Жас экскурсоводтар», «Жас реставраторлар», «Жас археологтар» үйірмелерінің жұмыстарымен таныстырып, оқушыларды үйірмеге қатысуға шақырды.
Талғат ОРАЗОВ, кіші ғылыми қызметкері.
Алдыңғы ақпарат

ҮЙІРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗЕКТІ ДӘРІС ӨТТІ

Келесі ақпарат

15 қараша — Ұлттық валюта мен халықаралық есепшілер күні