2022 жылдың 22 тамыз күні, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының базасында «Тарихи Түркістан» көшпелі көрмесін ашты.
Көрменің ашылуына Қазақ хандығын зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық универсиетінің профессоры А.Исин, өнертанушы, ғалым Қ.Нұрқасым, алаштанушы Ж.Құлмағамбетов, тағы басқа бір топ мәдениет саласының мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Көрменің ашылуында сөз алған Абайдың «Жидебай Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының директоры Т.Шаңбай түркістандық әріптестеріне зор алғысын айтып, көрме жұмысына сәттілік тіледі.
Көшпелі көрмені ұйымдастыруға атсалысқандары үшін семейлік әріптестерімізге «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры М.Садықбековтың алғыс хатын ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы Б.Байболов табыстады.
Семей қаласында бүгін ашылған көрме 24 тамызға дейін өз жұмысын жалғастырады.