Күрсі–кітап оқығанда кітаптың астына қойылатын түғыр. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорында ағаштан жасалған күрсілердің бірнеше түрі сақталған. Солардың бірі КК 77 номерімен сақталған ағаш күрсі. Бұл ерекше күрсі шеге немесе желім пайдаланылмай тұтас емен ағашынан ойылып жасалған, қоңыр бояумен боялған. Жайылған кезінде ашылып қойылған кітап пішінін беретін жиналмалы күрсінің жасалу техналогиясы өте күрделі. Күрсі құранның қағаз бетіне түсірілген заманынан бері қолданылып келе жатқан бұйым. Ислам дінін ұстанған әр бір мұсылман адам Құран кітабын дәретсіз қолына ұстамайтыны және құран кітапты жоғары қойып ерекше қадірлейтіні белгілі. Құран кітапты оқығанда ағаштан жасалған осындай күрсіге қойып оқу біріншіден құран кітапты жерге қоймау мақсатында болса, екіншіден құран кітапты сағаттап оқыған адамға күрсі өте ыңғайлы болған. Күрсіні шығыс халықтары әртүрлі атаған: Өзбек халқы «лаух», татарлар «лавх» десе ирандықтар «рейл», ал араб халқы «рахле» деген. Күрсінің жиналып тұрғандағы ұзындығы 49 см, ені 7 см. Күрсіні Алматы Қаз музей реставрация шеберханасы 1978 ж. музейге тапсырған. Күрсіні шығыс халықтарының ұсталары әр түрлі материалдардан жасаған, әсіресе емен немесе жаңғақ ағаштарынан жасалған күрсілер халық арасында кең тараған.