МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Имадил ислам»

«Имадил ислам» (Исламның тірегі) деп аталады. Түркі тілінде жазылған. Қазан қаласында 1904 жылы басылған. 1-190 беттен тұрады. Бұл кітапта иман келтіру және қасиетті төрт кітаптың төрт пайғамбарға  Мұса (с.а.у) ға «Тәурат» кітабы, Дәуіт (с.а.у) ға «Зәбур», Иса (с.а.у) ға «Інжіл», Мұхаммед (с.а.у) ға қасиетті Құран кәрім түскендігі туралы мәлімет берілген.

«Иман» дегеніміз арабша: сенім, сену  – Аллаһ Тағаланың өсиетін және оның елшісі Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у) айтқандарының барлығын жүрегімен толық қабыл алу дегенді білдіреді.

Мұсылман  кісі Аллаһ Тағалаға иман келтірер болса онда мына шәһәдат (куәлік) сөзін айтуы керек. Ол «Әшһәду әл лә иләһә иллаллаһ, уә әшһаду әннә Мухаммадан әбдуһу  уә расулуһ». Мұның мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ Мұхаммед (с.а.у) оның елшісі деген мағынаны білдіреді.

Иманның шарттары 6 бөліктен тұрады. Бірінші Аллаһқа иман келтіру, екінші періштелеріне, үшінші кітаптарына, төртінші пайғамбарларына, бесінші қиямет күніне, алтыншы жазмыш пен қазаға яғни жақсылық  пен жамандықтың Аллаһ Тағала тарапынан болатындығына сену керек. Бұл шарттарға сеніп, иман келтірген кісі жәннатқа кіреді деп жазылған. Құранда: «Кімде-кім Аллаға және оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман келтірмесе, қатты адасады…, делінген.»

Мұнымен қатар қасиетті төрт кітап төрт пайғамбарға түскен. Біз, мұсылмандар бұл төрт кітаптың барлығының Аллаһ тарапынан адам баласына тура жолды көрсету үшін жіберілгендігіне кәміл сенеміз. Алайда, соңғы кітап Құранның алдындағы үш кітап заман өте келе адамдар тарапынан әртүрлі өзгертулер мен бұрмалауға ұшырағандықтан, оларды негізге алып амал етпейміз.

Ал Құран Кәрім  жетінші ғасырдан бері ешқандай өзгермеген, әрі толық сақталған. Құран ұлы Жаратушының ақыретке дейін келіп-кетер барша адамзатқа тура жолды көрсету үшін соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у) уахи арқылы түсірілген, оқылуының өзі ғибадат саналатын мәңгілік иләһи кітап. Құран өзіне дейінгі түскен барлық парақтар мен кітаптардың мазмұнын қамтиды.

Алдыңғы ақпарат

БАБАМ ҚОРАСАН, КЕЛДІМ АРАСАН

Келесі ақпарат

Тәспі, ХХ ғ.