МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Ғибадат

Кітап. Араб тілінде жазылған. 3-276 бет. Өлшемі: 13х22 см. Басылған  жері белгісіз.

Бұл кітапта әуелі Аллаға ғибадат (құлшылық) қылу мен соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) тің жақсы сипаты (қасиеттері) берілген. «Ғибадат» дегеніміз ислам ғалымдарының айтуынша адамдарға пайдалы әрбір іс-әрекетті ғибадат деп санаған. Мысалы адамның білім алып, еліне және барлық адамдарға пайдасын тигізуі немесе көмекке мұқтаж адамдарға көмек беруі ғибадат болып табылады. Бұл ғибадаттың жалпы түсінігі. Негізінен ғибадат жалбарыну, сиыну және Бір Аллаға деген құлшылықты  білдіреді. Ғибадаттың фикхтағы (шариғаттағы) түсінігі жайында: Хазіреті  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)  «Ислам бес нәрседен құралған» — деп бізге оны көрсетіп берген. Исламның бес парызы: Әуелі Аллаға иман келтіру (кәлимаи шәһәдат) сөзін айтумен  орындалады. Яғни «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның құлы, әрі елшісі» деп, тілмен айтып жүрекпен бекітумен айтады. Бұл сөз Алланың бар екендігіне және Мұхаммед (с.а.у) оның елшісі екендігіне деген сенімді білдіреді. Екінші намаз оқу, үшінші ораза тұту, төртінші зекет беру және қажылыққа барудан тұрады. Ғибадат құл мен Жаратушы арасындағы байланысты көрсетеді және ғибадат жасаушыны Аллаға жақындатады. Бұл көзқарасты қолдайтын ғалымдардың айтуынша шариғат пен дін Алла қойған үкімдерді анықтайды. Бұл үкімдер мақсаты бойынша – шариғат, ал оларға мойынсұну міндетті болғандықтан дін деп аталады. Адамзат баласы ғибадаттарды өзіне көрсетілген түрде жасайды. Адамның ғибадаттардың түріне араласып, оны белгілеуге құқы жоқ. Сондықтан ғибадаттар қағида ретінде ақылдық мәселелер арасынан орын алмайды, ол  сенімдік (догматикалық) болып табылады. Сол себептен мұсылмандықтағы намаз, ораза, зекет және  қажылық ғибадаттарды өзгертуге болмайды. Бұл жайында Алла Тағала Құран  Кәрімде: «Мен  жын  мен адамзатты тек  Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым», (Зәрият сүресі 56 аят) деген.

Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыздың жақсы қасиеттері: өз қауымына  шапағат қылушы, жомарт, сабырлы болуы, кішіпейілділігі, әділеттілігі және тағы басқа жақсы қасиеттері берілген.

Кітапты  өткізуші: Оңтүстік  Қазақстан облысы, Төрткөл ауылының тұрғыны Ергенбаев Серік

Алдыңғы ақпарат

СҮЗІК АТА

Келесі ақпарат

«Ясауитану-2023» байқауының қалалық іріктеу кезеңі болып өтті