МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан»мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Музейдегі түн» мерекелік шарасын ұйымдастырды

Шарада Ясауи кесенесіндегі ортағасырлық аспалы шырағдан тарихи тұғырына орнатылды.

Сондай-ақ, «Күлтөбе сырлары» және «Ясауи ізбасарларының шығармалары» атты көрмелер ашылды.

Кесенеде жерленген «Кәрсон Таңыбай батыр Бекназарұлы» және ұлы күйші Сүгір Әлиұлына арналған «Теріскей толғаулары» кітаптарының тұсауы кесілді

Кесене алында «Хан көтеру» рәсімі ұйымдастырылды.

Қойылымда Абылай ханның қазақ тарихындағы орны мен ұлы тұлғалар ұлықталды.

Мерекелік бағдарлама түнгі экскурсияға ұласты.

Айтулы шараға атсалысқан Р.Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрына және түсірілім жұмыстарын жүргізген «Оңтүстікфильм» мекемесіне алғысымызды білдіреміз.

Алдыңғы ақпарат

Түркістанда хан көтеру рәсімі өтті

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» музейінің нумизматикалық жәдігерлер қорындағы көмбелер