МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Гаухар ана, ХІІ-ХІV ғғ.

Гауhар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызына арналып салынған кесене. Республикалық маңызы бар ескерткіш. Түркістан-Шәуілдір тас жолының сол жағында 400-500м. қашықтықта орналасқан. 1989 жылдан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ескерткіштер тізіміне енгізіліп, қорғауға алынған. 2011 жылы  «Әзірет Сұлтан» қорық- музейінің Археология бөлімінің қызметкерлері қазба жұмыстарын жүргізді. Гауhар ананың дүниеге келген  және қайтыс болған жылдары жөнінде мәлімет жоқ.

Көп жылдар мұражайдың бас қор сақтаушысы, кейіннен директор қызметін атқарған ақсақал О.Дастановтың айтуынша және халық аңыздарына сүйенсек Гауhар ана емшілік қасиеті ерекше жан болған. Басына күйген кірпіштен қаланған, архитектуралық жобасы қазіргі Рабия Сұлтан Бегім кесенесіне ұқсас, бірақ көлемі кішігірім. ХХ ғ. басында кесене құлаған.

Гауһар ана өзінің емшілік қасиеті арқылы көптеген адамдарға көмек берген. Кесене маңындағы құдық суының «емдік қасиеті бар» деп есептеледі.

Алғашқыда кесене шатыры жоқ 4 қабырғадан тұрды. Жанында зияратшыларған арналған 3 бөлмелі ғимарат орналасқан.  2014-2015 жж. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің тапсырысымен «Қазқайтажаңғырту» РМК Гауhар анамыздың басына кесене тұрғызды.

Алдыңғы ақпарат

Үкаша ата мазары мен құдығы, ІХ-Х ғғ.

Келесі ақпарат

Тәкиә қақпасы