МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«БЕРЕЛ ҚАЗЫНАЛАРЫ» КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, «Берел» музей-қорығы және «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы бірлесіп, Түркістан қаласында «Берел қазыналары» атты көрменің ашылу салтанатын өткізді.
Айтулы шарада сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының м.а. А.Сыдықов пен «Берел» музей-қорығының директоры А.Сарыбасов Түркістанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған көрменің мәні мен мағынасына, мақсатына тоқталып, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының басшылығына, ұжымына игілікті істі жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, сый-сияпат жасады.
Көрменің құрметті қонағы, «Ардагерлер» ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов «Берел» және Ұлттық музейдің көрмесі алғаш рет қасиетті Түркістанда ұйымдастырылып отырғандығын елеулі оқиға ретінде айта келіп, қала халқы атынан ұйымдастырушыларға ақжолтай тілеп, ақ батасын берді.
Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Э.Момынова басқарма басшысы атынан сөз сөйлеп, көрме жұмысына сәттілік тіледі.
Мәні мен маңызы зор шараға мұрындық болған «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры М.Садықбеков рухани керуенді бастап келген әріптестері А.Сыдықов пен А.Сарыбасовқа алғысын білдіріп, музейдің баспа өнімдерін сыйға тартты. Көпшілікті амал мерекесімен құттықтап, музейде өтетін әрбір шараға қатысуға шақырды.
Бұдан соң жиналған көпшілік астаналық экскурсовод Бағдар Еркіннің экскурсиясын тыңдап, көрмені тамашалады.
Көрме экспозициясына Берел қорымдарынан табылған «скиф-сібір аң стиліне» немесе сақ өнеріне (б.з.д. V-III ғғ.) жататын алтын бұйымдар мен жылқы салатанатының реконструкциясы, жылқының сүйектен жасалған ер-тұрмандары, сақ қорғанынан табылған ат әбзелдері, қола айна, әшекейлер, өзге де заттар қойылды.
Көрме — Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорында сақталған сақ өнерінің бірегей көрсеткіші Берел қорымының табылымдарын Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына таныстыру және қазақ жерін мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеттерін насихаттауды мақсат тұтады.
Көрмеге Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының өкілдері, Түркістан қалалық Мәдениет және тілдерді дамту бөлімінің басшысы, «Ардагерлер» кеңесінің төрағасы мен өкілдері «Әжелер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы мен мүшелері, Отырар, Ордабасы музей-қорығының басшылары мен қызметкерлері, Түркістан облысында орналасқан тарихи-өлкетану музейлерінің басшылары мен қызметкерлері, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Тарих», «Дінтану және теология» факультетінің студенттері, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің туризм факультетінің студенттері, Түркістан жоғарғы көпсалалы, қолөнер колледжінің студенттері мен оқытушылары, Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Көрме 14 наурыздан 14 сәуіріне дейін келушілерге қызмет көрсетеді.
Байболов Берік, Ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы.
Алдыңғы ақпарат

Асхат Оралов елордадағы «Жастар» театрына барды

Келесі ақпарат

КҮЙДІРІЛГЕН ҚАПТАМА КІРПІШ БӨЛІКТЕРІ. ХII ғ.