МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Балбал тас

VІІІ-ІХ ғғ. Балбал (сынтас) тас, ұзынша тікбұрышты ірі тау тасынан түрегеп тұрған адамның бейнесінде жасалған. Тастың алдыңғы жағы өңделген, биіктігі 176 см. ені 39 см. қалыңдығы 14 см. Бет әлпеті  монғол тектес, көзі қысыңқы келген мұртты ер адам.  Белін қынай буған белбеуі бар, оң қолында ыдыс, сол қолымен беліндегі қылыштың сабын ұстаған. Қолындағы ыдыстың жоғарғы бөлігінде ромб тәрізді тұмары бар. Бұл жауынгердің бойтұмары болса керек. Мойнында тұмардың жібі байқалады. Оң құлағының төменгі бөлігі сынған, екінші құлағына сырға тағылған. Аяғына мәсі кебіс секілді аяқ киім кигізілген. Діни нанымдық жағынан бұл мүсіндер қайтыс болған адамды дәріптеу немесе баба аруағына сыйыну рәсімімен байланыстырылады.

Түркілер заманында б.з. ХІІ ғасырына дейін, Орталық  және Шығыс Қазақстан, Жетісу өңірінде дүние салған адамның басына ескерткіш есебінде, оның мүсіндік бейнесі тастан ойылып қойылатын болған. Мұндай тас ескерткіштердің басым көпшілігі жауынгер сарбаздар зиратына қойылады. Оларды ғылымда «балбал тастар» деп атайды.

Балбалды Қызылқұм ауданы, Балтакөл ауылы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің өлкетану музейінің меңгерушісі болған А.Алтаев өткізген.

Алдыңғы ақпарат

Жүсіп ата кесенесі аумағында Сапар орталығы бой көтереді

Келесі ақпарат

Наманганнан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды