ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған Гала-концертке қатысты.
Іс — шараның басты жұлдыздары әлемдік деңгейдегі өнерпаздар — португалдық опера әншісі Сюзана Гашпар, сондай-ақ опера сахнасының белгілі майталмандары — Мария Мудряк пен Медет Шотабаев болды.
Еуропалық Одақтың елшісі Кестутис Янкаускас 30 жыл ішінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Сонымен қатар мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту жалғасады.
Гала — концерт бағдарламасында А.Жұбановтың «Айттым сәлем, Қаламқас», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» және т. б. музыкалық туындылар ұсынылды.