МАҢЫЗДЫ :

nothing found

АРҒЫН, ҚАРАКЕСЕК ҚАРАМЕНДЕ БИ ТӨЛЕМІСҰЛЫ

(XVIІI ғ.) (шамамен 1701–1705 жж. туылып 1779–1780 жж. қайтыс болған)

Арғын,-Болатқожа-Қаракесек-Ақша-Бошан-Шаншар.

(З. Сәдібеков. Қазақ шежіресі.- Ташкент, 1994.- 103–104 бб.)

 

Абылай хан Алатауға жорыққа бара жатып қаракесек, шаншар деген елдің ұлы жиын асына кез болады. Сол жиында Шаншардың ерігіп тұрғандары өзара бәстесіп, ханның басындағы бөркін шыбықпен қағып түсіреді. Сондағы қызықтамақтары – ханның қаһарын көрмектік. Бірақ, Абылай хан бөрікті жерден көтерместен, еш қаһар қылмай, дәнеме демей жүре береді. Алайда арада біраз уақыт өткен соң Абылай хан Қызылжар базарында баяғыдағы бастан бөрікті қағып түсіргендегі өкпе-кегі есіне түсіп, Қаракесектен бір кісіні, Төртауылдан бірі кісіні алып қалып, екеуін тірідей көрге (терең шұқырға) салады. Қаракесектен алып қалған кісісі Қазыбектің немересі Қазымбеттің баласы – Жанай екен де, Төртауылдан алып қалған кісісі – Ботақан екен. Абылай ханның айтқанына құлақ асып, райынан қайтып, көрге тыққандарды алып шығуға барғанда Ботақан: – Өлгенде жататұғын көріме тірідей жаттым. Осы менің өлгенім, енді тірі болып жұрт көзіне көрінгеннен өлгенім артық, – деп Ботақан қанжарымен ішін орып жіберіп өліп кетеді. Бұл хабарды естіген Қазыбек бидің баласы Бекболат пен Сүйіндік Едіге атқа мініп, Бес Мейрамды жиды дейді. Бұл жайында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің «Қазақ шежіресі» еңбегінде толық жазады. Негізгі айтпағымыз сол кездегі Бекболаттың билер алқасының құрамында Сырт Бошан – Төлемісұлы Қарамеңде би де бар екен. 1779–1780 жылдарда өткен осы оқиға кейіпкері Бекболат би ол кезде 65 жаста, Қараменде Төлемісұлы 75–79 жас аралығында болса керек. Қараменде би, бұл жағдайда 1701 немесе 1705 жж. туылған, 1779–1780 жж. Қайтыс болған болып шығады. Көнекөздердің айтуынша Қарамеңде би Абылай ханнан жарты жылдай бұрын қайтыс болған. Егер Абылайдан жарты жыл бұрын қайтыс болса бұл 1780 жылдың басы немесе 1779 жылдың аяғы болады, себебі Абылай 1780 жылдың күзінде қайтыс болған. (Р.Б.Сулейменов, В.А. Моисеев С. 132 с.) Балалары Ақмырза мен Ақжігіт әкелерін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерлеген. Бүгінде Қараменде бидің «Кіші Ақсарай» бөлмесінде көктасы сақталған. Сәкен Сайран Керімұлының «Қарамеңде шежіресі», (Қарағанды, «Болашақ-Баспа), 2006 жылы жарық көрген кітабында Таңайдан

тараған ұрпақтар жайында айтады. Таңайдың үш әйелі болған. Бірінші әйелінен: Құттықадам Құттықадамнан: Жәдік. Жәдіктен: Тастемір, Болат. Екінші әйелінен: Арықпан

Арықпаннан: Тілеп

Тілептен: Тінетей, Тілманбет, Биманбет

Үшінші әйелінен: Өтес, Жетес

Өтестен: Өміртай

Жетестен: Қарамеңді, Төлебай

Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Таңай қонған жұртын әр он бес күнде айырбастап, жаңа жерге қонып отырады екен. Оның қонған жеріне ел көшкенде жер ошаққа тұз, құрт, ірімшік, кейбір жағдайларда қалаш нан тыққызып тастайтын жақсы бір қасиеті бар екен. Ондағы мақсаты көшіп кеткен жұртқа келген жолаушыларға қалдырған дәм-тұзды азық қылу. Таңай немерелері Сазанбай мен Төлеміске енші бергізбей, екеуіне тек жүйрік ат, найза-садақ бергізген. Негізгі еншіні – малды, кенже немересі Кешубайға қалдыртқан. Төлеміс мейлінше мерген, тіршілігі өзінің мінезіне сай болғандықтан: «Сенің тұқымың барынша өсуі мүмкін, жер-шалғайыңды кең жасап беремін»-деп Таңай атасы, қазіргі Қаракемерден (Шет ауданы, Ақтөбе ауылы) Құрөзек, Әнжан кезеңі, Әжем бейіті, Тазбастан бастап Қазықұрттың Тастыбұлағына дейінгі жерді бергізген. Төлемістің ұлы Қарамеңде өз заманында Қаз дауысты Қазыбек бидің ұлы Бекболатпен, Түйтенің Жарылғабымен, Сеңкібай батырдың Сыңғырымен, Өміртайдың Бигелдісімен замандас болған. Жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі батырлармен үзеңгілес болып талай жорықтарға шыққан.  Ол 1726 жылғы Шұбартеңіз шайқасына, 1727 жылы Ұлытау өңіріндегі Бұланты-Білеуті шайқасына, 1740–1742 жылдарғы қалмақ шабуылдарына қарсы жорықтарға қатысады. Сыр бойы, Қаратау өлкесінде туған Қарамеңденің жастық шағы осылайша қалмақ-жоңғар шапқыншылығына қарсы күреспен өтеді. Сұрапыл шапқыншылықтар кезінде күні-түні қазақ жасағы құрамында қазақ батырларының жанында жүріп, тәжірибе жинаған батыр кейін кеңесші билер қатарына қосылады. Шоқан Уәлиханов өзінің еңбегінде «бидің» қоғамдағы орнын анықтайтын біраз еңбектер жазады. Оның айтуынша, билер қазақтың әдет заңы нормаларын білуге, шешендік өнерді игеруге  тиісті болған. Билер сотында, ру жиындарында сөз алып, өзінің шешендігін көрсеткеннен кейін ғана олар төреші-би ретінде танылған. Шоқан Уәлиханов сол жазбаларында былай жазады: «Бидің балалары заңнан тәлімі болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қала берді» дейді ол. Қазақ ішінен мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Мәселен, Қаз дауысты Қазыбек бидің баласы Бекболат та би болған. Одан кейін Тіленші, оның ұрпағы Алшынбай да өз заманында бидің қызметін атқарған. Сол сияқты Қарамеңде бидің де ұрпақтары атадан қалған лауазымға ие болуға жарайтын билер болады. Мәселен, Қараменде бидің немересі Ақжігіт Қарпықбай Қаракесек, Қояншы Тағай арасында би болады. Бабаның шөбере-шөпшектерінен Құйқаұлы Соқыр (1880–1883жылдары), Тағыбайұлы Бодық (1883–1892 жылдар арасында,) оның баласы Нарымбек Бодықовта (1892–1914 жылдары) би-болыс болған. Сондай-ақ 1895 жыл-

дары Жақсыбек Тұрсынбеков де би-болыстық қызметті атқарған. Сатқанқұл Соқыров 1898 жылдан 1914 жылдар арасында Төлеубек Бодықов, Ахмет Тибанов, Қармыс Төрежанов т.б. болыс болған. Қараменді би мен Үсен би арасында сақталған аңыздар халық арасында әлі күнге дейін маңыздылығын жоймаған. Қараменде би жас кезінде Қоңырат Үсен биден бата аламын деп іздеп барады. Бидің елі көші-қон әбігерінде екен. Би өгіз мініп, сиыр айдап жүрсе керек. Қараменде соңынан ере беріпті. Үсен би тоқтай қалып: – Арқада бір шешен бала бар деуші еді, шырағым, сол баласың ба? Аттың жалы, түйенің қомында кездестік-ау, – депті.

– Сізден бата сұрап келіп едім, – дейді жасөспірім.

– Өгізді өрге салма, қанатың талады. Жаман адамға болыспа,

дауы өзіңде қалады. Жақсыдан қол үзбе, кезінде олжа салады, ба-

лам. Жолың болсын! – деп қол жайып, батасын беріпті.

Бірде отырып Абылай хан Қараменде биге сұрақ қойыпты:

–Дүниеде, қоғамда, халықта қалатын не қызық бар?

Қараменде би былай депті:

– Аққу құстай шал-кемпір болса,

Лашын, тұйғындай жігіт болса,

Үйрек-қаздай қыз-келіншек болса,

Белдеуден ат кетпесе,

Қатының бетке аларып қарамаса,

Жыланның түгіндей бізден сыпырылып қалатын қызық осы.

Тағы бірде хан Абылай:

– Баланың жақсысын, бай болатынын, жалқау, кедей болатынын

қалай болжап айта аласыз? – депті. Сонда Қараменде би:

– Жақсы бала көпшіл, бай болатын бала ұйымшыл, айырбасшыл,

жаман бала еріншек, жалқау, қыңыр болады, – депті.

Алдыңғы ақпарат

«Жібек жолы: Ферғана –Сырдария дәлізі» тақырыбындағы кеңес

Келесі ақпарат

ЖӘУДІР АНА